Лабораториялық жұмыс №1

 

Тұздардың еру жылуын анықтау

 

Жұмыстың мақсаты: Калориметрлік әдіспен тұздардың еруінің жылулық  эффектілерін өлшеу.

Керекті қондырғылар мен реактивтер: Калориметр,   өлшегіш цилиндр құм сағаты, КСl, NH4Cl, KBr,NaNO3,K2SO4 тұздарының бірі.

Теориялық түсініктеме. Химиялық  реакция мен физикалық химиялық процестердің жылу эффектілерін зерттейтін физикалық химияның бөлімі термохимия  деп аталады.

Түзілу жылуын тәжірибе жүзінде тура анықтау қиын, сондықтан оны жанама түрде, Гесс заңын пайдаланып, анықтайды: Qv>Qp және  жылу эффектілері процесс жолына тәуелсіз, олар тек жүйенің соңғы және бастапқы күйлерімен анықталады.

QР және Qv жылу эффектілері жүйенің энтальпиясы және ішкі энергияларының өзгерістеріне сай келеді, оларды ∆Н және ∆U деп белгілейді. Изохорлы процесте ∆U = Qv, яғни жүйе жұтқан барлық жылу ішкі энергияны арттыруға жүмсалады. Демек, жабық калориметрлік ыдыстағы V=соnst кезінде процесс нәтижесінде бөлінетін жылуды өлшеп, жүйенің күй функциясы болып саналатын ішкі энергияның кемуін не өсуін  есептеуге болады..

   Изобарлы процесс кезінде ∆Н = QР. Жүйе жұтқан барлық жылу изобарлы процесс кезінде жүйенің энталъпиясын арттыруға жұмсалады. Энтальпия, ішкі энергия сияқты, жүйенің күй функциясы және оның өзгеруі процесс жолына тәуелсіз.

Химиялық реакцияның жылу эффектісі  реакция V=соnst не Р = const жүру жағдайында, тек ұлғаю жұмысы іcке асатын жүйеде, реакция өнімдері мен бастапқы заттардың температуралары бірдей болу шартында қайтымсыз процестегі бөлінетін не сіңірілетін жылудың ең үлкен мөлшерін айтады.

Экзотермиялык, процестер үшін  ∆U,∆H<0.  Эндотермиялық процесс кезінде жылу сіңіріледі, ∆U, ∆H<0. Реакцияның жылу эффектісінің мәнін көбінесе қандай да бір өнімнің 1 моліне сай есептейді.

Еру энтальпиясы не интегралды еру жылуы деп  1 моль заттың (еріткіштің) белгілі мөлшерінде еріген кездегі жүйе энтальпиясының өзгеруін айтады.1 моль заттың интегралды еру жылуы алынған ерітіндінің концентрациясына тәуелді. Интегралды еру жылуларының мәңдері анықтамада берілген.

 Оларды  Hm  деп белгілейді. Олардың мәні теріс не оң таңбалы болуы мүмкін. Жалпы жағдайда еру процесі негізгі екі сатыдан тұрады.

1) Кристалдық тордың бұзылып, газ тәріздес иондардың түзілуі. Бұл кезде жылу сіңіріледі.

2)  Газ    тәріздес    иондардың    еріткіште    (суда)    сольватациясы (гидротациясы). Бұл кезде жылу бөлінеді.

∆Нm мәні кристалдық тордың бұзылуы және сольватация (гидратация) жылуларының қатынасымен анықталады. Еру жылуы еріген зат пен еріткіш табиғатына, температураға, ерітінді концентрациясына тәуелді.

Гидраттану жылуы деп 1 моль кристалды сусыз тұзға сәйкес мөлшерде кристалдық су қосылғанда бөлінетін жылудың шамасын айтады.

Калориметр құрылысы. Түрлі физика – химиялық процестермен бірге жүретін жылу эффектілерін өлшеу үшін арнайы аспап калориметр пайдаланады. 1-суретте қарапайым калориметр  бейнеленген. Еру процесі жүретін химиялық стакан (4) қабырғасы қалың (5) ыдыста орналасқан. Бұл еру процесі кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды жоғалтпау үшін қажет. Ыдыс (5) үш тесігі (біреуі термометр (1) үшін, екіншісі еритін тұзы бар пробирка  (3) үшін, үшіншісі электрлік (моторлы) араластырғыш (6) үшін) бар қақпақпен жабылады.

Калориметр тұрақтысын анықтау. Жұмыс барысы: Калориметрде өтетін процестің жылу эффектісін есептеу үшін, калориметр тұрақтылығын, яғни калориметрдің барлық бөлігінің температурасын  10С–ға өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін (кДж/град) білу қажет.

Калориметр тұрақтылығы белгілі калий хлоридінің еру жылуымен анықталады. Осы мақсат үшін калий хлоридінің шамамен 5-6 граммы мұқият фарфорлық ыдыста дайындалады. Бос құрғақ пробирка  0,01 г. дәлдікпен өлшенеді, сонан соң оған тұз себіледі және қайта өлшенеді. (4) химиялық стаканға температурасы бөлме температурасынан  2-30С–қа төмен 250 мл су құйылады (1 сурет). Электр көзіне араластырғыш қосылады, әрбір минут сайын 9 минут бойы калориметрдегі су температурасының өзгерісі жазылады. 10–шы минутта температура  өлшенбей–ақ қақпақ  (2) ашылады да, тұз суға себіледі.  11– ші минуттан бастап қайтадан температура он рет өлшенеді. Өлшеу нәтижелері кестеге жазылады.

 

 

Кесте

 

КСl (г) үшін тәжірибенің басталу уақыты, мин.

Температура, С

Зерттелуші тұз (г) үшін тәжірибенің басталу уақыты, мин.

Температура, С

 

 

 

 

 

Нәтижелер өңделуі.

Калориметр тұрақтылығы есептелетін теңдеу:

                       

К=qKCl/t                                                  (1)

 

мұндағы qKCl - калий хлориді еруінің меншікті жылуы келесі өрнек бойынша анықталады:

 

                      qKCl=mQKCl/MKCl                                       (2)

мұндағы m- тұз массасы, г;  QKCl -ерудің молярлық жылуы (KCl үшін18.828 кДж/ моль-ге тең ); МКСl - калий хлоридінің молекулалық масасасы; t - еру процесі кезіндегі температура өзгерісі (графиктен табылады).             Бұл үшін абцисса осіне уақыт, ал ордината осіне басталу координатасынан бастап 11-ші минутта өлшенген температурадан бірнеше ондыққа кіші мәні жазылады.   Бірнеше нүктелер саны түзулермен қосылып, графикте екі көлбеу сызық алынады. Еру моментіне сай келетін нүктелермен қалыптасқан перпендикулярмен қиылысқанға дейін АВ сызығы оңға, СD сызығы солға қарай созылады. Перпендикулярмен кесілген МN кесіндісі температура өзгеруіне сай  келеді. Тұздың еру жылуын анықтау үшін жұмыс калориметр тұрақтысын анықталған ретпен жүргізіледі. Тұз оқытушының көрсетуімен алынады да,  калориметр тұрақтысын анықтаған пробиркаға  салынады. Жұмыс нәтижелері кестеге жазылады, осыған ұқсас t анықталады. Есептеу (1) және (2)  формулалармен жүргізіледі. 

1 – сурет. Изотермиялық қабықты калориметрдің  сызба нұсқасы. 

1.    Изотермиялық қабат

2.    термометр

3.    термоизолятор

4.    калориметриялық ыдыс

5.    синхронды электродвигатель

6.    термоизоляционды муфта

7.    араластырш

8.     изотермиялық қабаттың қақпағы

9.    пробирка немесе  ампула

10. Бекман термометрі

11. Қосқыш

   12.  Электроқыздырғыш                                                                                                                                                                                                      

   13.Түзеткіш    

 

Бақылау сұрақтары

1. Тұздың интегралды еру жылуы дегеніміз не?

2.Күй жүйе. Күй функциясының параметрлері.

3.Термодинамиканың бірінші бастамасы.

4. Энтальпия .Ішкі энергия.Жұмыс.

5. Түзілу, жану жылулары.

6. Химиялық реакцияның жылу эффектісін анықтау әдістемесі.   

7. Шынайы, орташа, мольдік және меншікті жылу сыйымдылықтарына анықтама беріңіз.

8. Калориметрлік жүйенің сыйымдылығын сіз қалай анықтадыңыз?

 

 

Лабораториялық жұмыс №2

 

СиSО4•5Н2О кристаллогидратының  түзілу жылуын  анықтау

 

Жұмыс мақсаты: Сусыз СиSО•5Н2О және кристаллогидратының еруінің интегралды жылуын тәжірибе жүзінде анықтау;СиSО•5Н2О кристаллогидратының түзілужылуын Гесс заңы негізінде есептеу.

 Керекті қондырғылар мен реактивтер:  Калориметр,Өлшегіш   цилиндр,  Құм сағаты, КСІ, сусыз СиSО4 және   оның кристаллогидраты.

Теориялық түсініктеме СиSО•5Н2О  түзілу жылуы  Гесс заңын колданып, жанама түрде аныкталады. Жылу эффектілері QV  мен Qр мен жүйе энтальпиясының, ∆H өзгерістеріне сәйкес келеді.

Изохоралық процесте         ∆U = QУ;

Изобаралык процесте        ∆H = QУ.

Изотермиялык процестер үшін ∆U,∆H< 0. эндотермиялық процестер үшін жылу сіңіріледі және ∆U, ∆H< 0

Еру энтальпиясы немесе интегралды еру жылуы (мәндері анықтамалықта беріледі) деп таза еріткіштің біршама мөлшерінде 1 моль заттың еруіндегі ∆Hm  жүйе энтальпиясының өзгеруін айтады.

Гидрат түзілу жылуы деп 1 моль кристалдық сусыз  су қосылғандағы бөлінетін жылуды айтады.

Калориметрлік жылу сыйымдылығы

Ск = Q/∆Т=(VІt)/ ∆Т                                    (1)

мұндағы Q - жылу мөлшері; V - жылытқыш тізбегіндегі кернеу, В; I -жылыткыш тізбегіндегі ток күші; t- жылытқыштың жұмыс уақыты; ∆Т -жүйе температурасының өзгерісі, К.

∆Т графикалық әдіспен (милиметрлік қағаз кажет. І минут - 0,5 см) анықталады (суретке қараңыз).

∆Т<1 болғанда 1 град =10 см, ал ∆Т>1град болғанда 1 град =5 см тең.

∆Т1 сусыз тұздың температурасының өзгеруін, ДТ2 - кристаллогидратың темературасының өзгеруін, сусыз тұздың ∆q=Ск∆Т1(2), кристаллогидраттың ∆q2=Ск∆Т2                                                                                                  (3),

Жылу мөлшерін         ∆H 1=q1/m1М1           (4),

молярлы жылу мөлшерін   

 ∆H 2= q2/m2 М2                                                             (5) аныктайды.

 

Мыс сульфаты кристаллогидратының еруі

Тұз массасы.........г

Судың массасы....г.

Ck

V=…..B, I=…….A, t=….C.

№

Термометрдің көрсеткіші

№

Термометрдің көрсеткіші

1

2

3

 

4

5

6

 

(1),(2) және (3) теңдеулерден: Ck=Дж\ моль есептеу.

∆H3 ±∆(∆Hm)3   формасында жазу.

 Жұмыстың орындалу реті: Тәжірибе жүргізу үшін 7,5 г CuSO4 кристалогидратының 2 үлгі алынады. Бірінші үлгіні кристаллогидраттың еру жылуын анықтау үшін қолданылады. Екінші үлгіні фарфор  ыдысында сусыз тұз (көгілдір түс жойылғанша) қыздырады. Сусыз тұзды алдын ала өлшенген пробиркаға салып, резиналы тығынмен тығындайды. Суытылғаннан соң пробирканы өлшейді. СиSО4-ті еріту үшін судан 300 г. ал СиSО4 5Н2О-ны еріту үшін 297 г. су алады. 3 г. 7,5 г. кристаллындраттағы судың мөлшерін береді. Сусыз СиSО4 және оның кристаллындратының еру жылуын 1-жұмыс әдістемесімен бірдей жүргізеді.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Кристаллогидрат деген не?
  2. Жылу мөлшерлерінің түрлері
  3. Түзілу жылуы
  4. Гидрат түзілу жылуы
  5. Кристаллогидраттың түзілу жылуы қалай есептеледі?
  6. Химиялық реакцияның жылу эффектісін түзілу жылуының көмегімен қалай есептеуге болады?
  7. Химиялық реакцияның жылу мөлшерін жану жылуы көмегімен есептеу формуласын жазыңыз.
  8. Еру энтальпиясы немесе интегралды еру жылуы

 

 

Лабораториялық жұмыс №3

 

Шекті араласатын екі сұйықтықтың өзара ерігіштігін зерттеу

 

Жұмыстың мақсаты: Қыздыру және салқындату арқылы концентрациялары белгілі 5-6 сұйық қоспасының (су -фенол) араласу және бөліну температураларын анықтау, күй диаграммаларын тұрғызу, араласудың дағдарыс температурасын анықтау, күй диаграммаларын тұрғызу, араласудың дағдарыс температурасын және араласуға сәйкес құрамын анықтау.

Керекті қондырғылар мен реактивтер:  Химиялық стакан, пробирка, қыздырғыш плиткасы, фенол, дистелденген су, термометр.

Теориялық түсініктеме. Сұйықтықтардың шекті еруі дегеніміз концентрация мен температураның белгілі бір аймағында біртекті (гомогенді), ал екінші аймағында әртекті (гетерогенді) жүйелер түзіледі. Мұндай жүйелердің күй диаграмасын зерттеудің фармация үшін маңызы жоғары. Көптеген дәрілік заттар өзара ерігіштігі әртүрлі сұйықтықтардың қоспасы болып саналады. Температура-құрам күй диаграмасы бойынша берілген жағдайда қоспаларды өзара еритін құрамдары таңдап алуға болады. Егер судың белгілі бір мөлшерін тұрақты температурада (Т) анилиннің аз мөлшерін құя бастасақ, онда алдымен анилиннің судағы қанықпаған бір фазалы ерітіндісі түзіледі. Су мен анилиннің белгілі бір қатынасында су анилинмен қанығады. Анилинді одан әрі қосу екінші қабаттың-анилинің  судағы қаныққан ерітіндісінің пайда болуына әкеледі, жүйе екі фазалы күйге  енеді. Мұнан кейін анилиннің судағы қанық ерітіндісі жоғалып, қайтадан бір фазалы жүйе түзіледі. Сонымен , С және Д құрамдары  арасында берілген температурада тұрақты және анықталған құрамдары  бар тепе –теңдіктегі екі сұйық фаза болады (жүйе әртекті). (1а-сурет).

 

 

Температураның өзгерту заттардың өзара ерігіштігін төмендетіп не жоғарлату мүмкін. Ол ерудің  жылу эффектісінің таңбасына байланысты. Анилинді суда және суды анилинде еріткенде жылу сіңірілетіндіктен температураны жоғарлату қаныққан  ерітінділер концентрацияларына сай келетін нүктелердің жақындауына , нәтижесінде толығымен бірігіуіне әкеліп соғады (К нүктесі). Өзара ерудің (араласудың) жоғары критикалық температурасы  деп аталатын К нүктесінен жоғары кез келген температурада анилин мен су өзара шексіз ериді (жүйе біртекті).

Басқа жүйелерде  (мысалы, су /H2O/- триэтиламин /(С2H5)3N/) ерігіштік температура төмендеген сайын артады. (1в-сурет) және критикалық температурадан (Ткр) төмен температурада  толығымен сумен триэтиленмен араласады. Араласудың төменгі және жоғары критикалық температурасы бар (мысалы, никотин (C6H5O), cу (Н2О), 1в-сурет ) және критикалық нүктесі жоқ (мысалы ,су (Н2О), эфир (C2H5OCH3), 1г-сурет) жүйелерде кездеседі. Осы жұмыста зерттелетін фенол –су жүйесі шекті еритін сұйықтықтардың 1-ші түріне жатады (1а-сурет). Диаграммадағы  қисықтар еру (біртектену) температурасының ерітінді құрамына тәуелділігін көрсетеді. Сызылған аймақтағы кез келген нүкте екі қанық ерітіндіден тұратын жүйенің әртекті  (гетерогенді) күйін көрсетеді.

Гиббстың фазалар ережесі бойынша еркіндік дәреже саны С=2-2+1=1 (не температура, не құрам). Қаныққан ерітінділердің құрамын анықтау үшін берілген нүктеден еру қисықтарымен қиылысқанша изотерма жүргізіледі. мысалы, А нүктесімен берілген жүйе В компоненттінің А-дағы қанық ерітіндісінен (с нүктесі ) және А компонентінің В-дағы қанық ерітіндісінен (Д нүктесі ) тұрады, осы ерітінділерде  В компонентінің мөлшері сәйкес 20% және 80% болады.     

Жұмыстың орындалу реті: Белгісіз концентрациялы су мен фенолдың 5-6 қоспасын алады. Сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеуге арналған құрылғыны құрастырады. Ұяшықтың жоғары тесігіне термометрді орналастырады. Сұқ саусақпен термометр құлап кетпейтіндей етіп ұстап отырып, оң қолмен ұяшықтың ұшын ұстайды. Жылу өткізгіштікті  күшейту  үшін термометрдің төменгі ұшы су мен глицериннен тұратын сұйыққа батырылған. Ұяшықты  су моншасына қоспаны қыздыру үшін орналасады. Тәжірибе барысында зерттелінетін қоспа салынған ұяшықты қозғай отырып, температураға көңіл бөлмей, қоспаның мөлдірленуіне көңіл аудару қажет. Қоспа мөлдірленгеннен кейін, 0,5 минут қыздырады, ұяшықты  су моншасынан шығарып, бұлыңғырланғанша (муть) ауада салқындатады. Ұяшықта фенолдың мөлшері аз болса, бұлыңғырлану қиын, сондықтан процесті тездету үшін салқын суда салқындатуға болады. Сонан соң ұяшықты қайтадан су моншасынан алып, қоспа бұлыңғырланғанша салқындатады және температураны бақылайды. Егер мөлдірлену және бұлыңғырлану  температураларының айырмашылығы тек 2 С0 қана болса, бақылауды тағы бір  рет жүргізеді. Бақылау нәтижелерін есепке алады. Араласу температурасын гомогендену температураларының орта мәнін алады.

 

 

Эксперименттік нәтижелерін өңдеу

№

Қ\С

Қоспа құрамы,

Фенол %

Температура

 

 

Гомогендеу

гетерогендеу

Орта мәні

 

 

 

 

 

     

                  Бақылау  сұрақтар:

  1. Шекті еритін бинарлы ерітінділердің қандай түрлерін білесіздер. Мысал келтіріңіздер.
  2. Қандай ерітінділерді керіспелі дейміз?
  3. Рычаг ережесімен керіспелі ерітінділердің көлемі қалай табылады?
  4. Шекті еритін бинарлы ерітіндінінің күй диаграммаларының түрлері
  5. Критикалық температура деген не?

 

 

Лабораториялық жұмыс №4

 

Ерігіштігі шектеусіз екі сұйықтықтан тұратын жүйе күйінің диаграммасын тұрғызу

 

Жұмыстың мақсаты: Сыну көрсеткіші бойынша тәжірибе жүзінде сұйықтардың (ацетон-бензол немесе бензол -хлороформ) 5-6 бинарлық қоспаларының құрамын анықтау; зерттелуші қоспаларының қайнау температурасын өлшеу, таңдалынған конденсатттық көрсеткішін өлшеу жолымен сұйықтар қоспасының бу фазасының құрамын анықтау, күй диаграммасын тұрғызу және талдау.

Керекті қондырғылар мен реактивтер: этил спирті, дистилденген су, рефрактометр.

Жұмыстың орындалуы: Зерттелуші заттардың құрамын анықтау. Бір ерітіндінің жаңа бөліктері рефрактометр призмасына жеткізіліп, әр сұйық қоспасының сыну көрсеткіші 2-3 рет өлшеніледі (компонент ұшқыштығына тез өткізіледі). Калибрлік қисық пайдаланып,өлшенген сыну көрсеткіші бойынша зерттелуші қоспаның құрамын табады.

 Бу құрамының анықталуы, калибрлік қисық пайдаланып, жиналған конденсаттардың сыну көрсеткіші бойынша жүргізіледі.

Күй диаграммасын тұрғызу. Анықтамалық кестелерден алынатын таза компоненттердің қайнау температуралары ,сондай-ақ зерттелуші қоспалардың қайнау температуралары  ордината осіне, ал құрамы абцисса осіне жазылады.Фазалық тепе теңдіктің термиялық шартын пайдалана отырып, сұйық пен бу фазаларына сәйкес келетін әрбір қайнау температурасы үшін екі нүктемен белгіленеді.Сәйкес келетін нүктелер жалғанып сұйық пен бу сызықтары алынады.

 

            Бақылау сұрақтары

  1. Шексіз еритін бинарлы ерітінділердің қандай түрлерін білесіздер. Мысал келтіріңіздер
  2. Рефрактометрия әдісі
  3. Рефрактометрия әдісі көмегімен зерттелуші қоспаның құрамын қалай анықтайды?
  4. Сыну көрсеткіші деген не?

 

 

Лабораториялық жұмыс №5

Үш компонентті жүйедегі өзара ерігіштік

Жұмыстың мақсаты: үш сұйықтың өзара ерігіштігінің үшбұрышты диаграммасын тұрғызу, ілікпелі ерітінділер кұрамын, каннод бағытын және үшкомпонентті сұйық жүйенің критикалық кұрамын аныктау.

Керекті қондырғылар мен реактивтер: бюретка, иод, хлороформ, су.

Теориялық түсініктеме. Титрлеу әдісі. Тұрақты температурадағы үш сұйықтың өзара ерігіштігінің диаграммасын тұрғызу үшін титрлеу әдісі жиі қолданылады. Бұл әдіспен екі компонент қоспасының бірнешеуі дайындалады, мысалы, түрлі кұрамдағы А және В, осы қоспалар кезегімен титрленеді. Лайлану титрленуші қоспаның үшінші компонентпен қаныққанын және екінші фаза іздерінің пайда болуын керсетеді. Жүйе құрамының титрленгенде өзгеруі 1-суретте көрсетілген.

Егер в1 нүктелерінде қоспаның С компонентімен канығуы өтсе, онда bb1b2b3 және т.б. сызығы А және В коспаларының С компонентімен ерігіштігінің қисығын береді. Мұнан соң құрамы әртүрлі басқа компоненттер жұптары дайындалады және титрленеді, сондай-ақ С мен А компоненттерінің лайланғаны жүргізіледі. Мұндай титрленуде жүйе құрамының өзгеруі СА сәулелері бойынша өтеді. Егер қоспаның А компонентпен қанығуы &, нүктелерінде басталса, онда dd1d2d3di сызығы В мен С коспаларындағы А компонентінің ерігіштігінің қисығын береді.

Титрлеу әдісі үш сұйықтың ерігіштігінің диаграммасын лезде және дәл түрғызуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың орындалуы. Сүртілген тығыны бар 25 мл 8 конустык колба дайындалады. Бюретканың бірі А затымен, екіншісі В затымен толтырылып, А мен В-ң екі компоненттік құрамын мынадай құрамда тұрғызу басталады:

 

Про бирка

№

Компоненттер-дің        көлемдік құрамы, %

Бастапқы компоненттер көлемі, мл

А+В+С коспасындағы С-ның көлемдік құрамы, %

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр колбадағы А мен В мл өлшенуі үшін, олардың қосындысы әрқашан 5 мл (А мл+В мл=5 мл) болуы тиіс. Мұнан соң жұмыстың негізгі және жауапты бөлігі басталады: әр колба коспасы сумен лай пайда болғанша кезекпен титрленеді. Алғашкы колбалардың қоспалары үшін кейде судың 1-2 тамшысы жеткілікті, сондыктан дәлдік үшін титрлеуді микробюреткамен жүргізген жөн.  Әр құйылған тамшыдан соң колба тығынмен жабылып, мұкият шайқалып лайлану пайда болуы байқалады. Егер тыныштықтағы лай жоғалып, шайқалу кайталанғанда қайта пайда болса титрленудің аякталғанын білдіреді. Шығындалған судың мөлшері (С,мл) кестеге жазылады.

Графикті тұрғызыңыз және тыныштықты қабатталынатын гетерогендік аймақты (жартылай ерімейтін) бөлектеңіз. Бұл үшін үшкомпонентті жүйеге қатысты пайызбен алынған судың көлемдік құрамының теңдеумен қайта саналады:

 

C(H2O)= Xмл С100\ 5мл (А+В)+Хмл С

 

Есептеу нәтижелері кестеге жазылады. Мұнда А мен В-ң пайызбен алынған көлемдік құрамдарының санын есептеудің қажеті жоқ.

 

Лабораториялық  жұмыс №6

 

Экстракция  процестерін  зерттеу.  Таралу  коэффицентін  анықтау.

 

Жұмыстың  мақсаты:  Біреселік  және  үшеселік  иод  экстракциясын  өткізу; шығарылған  иод  массасын  анықтау; таралу коэффицентін  есептеу; біреселік  пен  көпеселік экстракциясының  тиімділігін анықтау.

Керекті қондырғылар мен реактивтер:  Бөлгіш воронка.Мензурка немесе өлшеуіш цилиндр. Пипетка. Титрлеуге арналған колба. Титрлеуге арналған бюретка.  Иодтың бензолдағы 2;4;6%- ті ерітінділері.                    Дистилденген су.   0,01 н. Натрий тиосульфат ерітіндісі .           Крахмал (индикатор).

Теориялық түсініктеме. Экстракция деп белгілі бір еріткіште еріген заттың сол еріткішпен араласпайтын және бөлінетін затты жақсырақ ерітетін екінші бір еріткіш (экстрагент) көмегімен бөліп алуды айтады.

Таралу коэффициенті К-қандай да бір компоненттің өзара ерімейтін екі сұйықтықтағы тепе-теңдік концентрацияларының қатынасы.

Иод үшін       

 

К= С1Орг /С1су;              (I)

 

мұнда С,орг және С,су - иодтың органикалық және су фаза-ларындағы сәйкес концентрациялары. Таралу коэффициенті бірден көбірек болса, затты бөліп алу да толығырақ жүреді. Таралу коэффициенті жүйені құрайтын барлық заттардың табиғатына  және температураға тәуелді, ол бөлінетін заттың бастапқы мөлшеріне байланысты емес. (I)-теңдеу таралатын зат тепе-теңдіктегі әр фазада бірдей молекулалық күйде болған жағдайда орындалады.

Экстракция бір рет жүргізілгенде экстрагент бір рет, бірнеше рет жүргізілгенде (бөлшектік) бөліп алатын еріткіш аз мөлшерден кайталап қосылады. Бір (m1)   және бірнеше рет экстракциялаудан (mn) кейінгі зат массаларын мына теңдеулермен есептейді:
                                  

    m1 = m0 [V1\КV2.+V1,)];                             (2)

                      тп = mоУ1/ [V1(КV2\\ n)+V1];                            (3)

 

мұндағы mо - мұнда - ерітіндідегі экстракцияланатын затnың массасы, г ; V1, - ерітінді көлемі, мл;  V2 - экстрагент көлемі, мл;  V2/п - экстрагенттін бір үлесінің көлемі, мл;  п - экстракция саны

                        V1\ (КV2.+V1,)>V1(КV2\\ n)+V1)

 

(2) және (3) теңдеулерді салыстырсақ,

 Демек m1>mп, яғни бірнеше рет экстракциялау затты толығырақ бөлуге көмектеседі.

Бөлінген зат мөлшерін әртүрлі физикалық-химиялық әдістермен аныктайды. Берілген жұмыста титрлеу әдісін  қолданған ыңғайлы.

2; 4; 6 % иодтың бензолдағы ерітіндісін дайындайды. 100 мл-дік тығыз тығынды 3 бөлгіш ыдысқа 50 мл. дист. судан және 5 мл иодтың бензолдағы ерітінділерін пипеткамен өлшеп кұяды. Таралу коэффициенті температураға тәуелді болғандықтан тәжірибенің температурасын өлшеп белгілейді. Сілкіген кезде ыдыстың тығынын ұстап тұрады жәнс бу кысымының кемуі үшін анда-санда тығынды ашып тұрады. Бөлгіш ыдыстарды тығыз тығындап, 15 мин. араластырады.

Сұйықтар жіктелуі үшін тығынын алып, ыдысты штативке бекітіп 15-20 минутке вертикаль жағдайда қалдырады. Жіктеліп болған соң шүмекті ақырын ашып, төменгі су қабатын басқа колбаға ағызьп алады. Мұнда бензол қабаты баска колбаға өтіп кетпеу үшін, су қабатының аздаған мөлшерін бөлгіш ыдыста қалдырады.

Су қабатынан 15 мл өлшеп алып, оған азғана крахмал қосып 0.01 н. натрий тиосу'льфатының ерітіндісімен титрлейді. Кейін бензол қабатынан 1мл. өлшеп алып, оны 20 мл таза сумен сұйылтады (өйткені натрий тиосульфатымен тек сулы ерітіндіні титрлеу мүмкін). Титрлеу процесінде иод әрқашанда су қабатына өтуі үшін колбаны әрдайым қолмен сілкіп тұру қажет. Тиосульфатпен титрлеу крахмалдың қатысында индикатордың түсі жоғалғанша жүргізіледі. Титрлеу 2-3 рет қайталанады және орташа мағынасы алынады. Таралу коэффициенті төмендегі формуламен есептелінеді.

К = С1/С2

С1 - иодтың су қабатындағы концентрациясы.

С2 - иодтың бензол қабатындағы концентрациясы.

Есептеу мысалы: а1 - су қабатының 15 мл  титрлеуге кеткен 0,01 н. тиосульфаттың мл. саны, а2 - бснзол қабатының 1 мл. титрленген жұмсалған тиосульфат көлемі, мл.

С1= а1  ·0.01/15 ;          С2 = а2 • 0.01/1

К = (а1 • 1)/(а2 • 15)

Бензол орнына төртхлоры көміртек алуға болады, өйткені мұнда да иод молекула түрінде болады. Әр жүйенің таралу коэффициенті есептеледі және оның орташа мәні алынады.

Нәтижелердің жазылуы мынадай үлгіде жүргізіледі.

                                                                                          Кесте

 

Су қабаты

Бензол қабаты

 

1

2

3

1

2

3

1.Титрлеуге алынған ерітіндінің көлемі.

 

 

 

 

 

 

2.Титрлеуге жұмсалынған тиосульфаттың мөлшері

 

 

 

 

 

 

3. Таралу коэффициентінің орташа мәні

К1

К2

К3

К1

К2

К3

                                   

Бақылау сұрақтары

 1. Таралу заңының мағынасы?

2.    Таралу заңының термодинамикалық қорытындысын беріңіз.

3.    Таралу заңының қолданылуы.

4. Есептер: 1. Янтарь қышқылы су мен эфир арасында таралғанда қышқылдың судағы концентрациясының бастапқы және экстракциялаудан соңғы концентрациясы 0.022 және 0.013 кмоль/мЗ тең. Бұл жағдайда таралу коэффициентін қарапайым түрде пайдалануға бола ма? Жауапты есептеулермен дәлелдеңіз.

                            

 

Лабораториялық жұмыс №7

 

Ерітінділердегі спирт концентрациясын рефрактометрлік әдіспен анықтау

              

Жұмыстың мақсаты: әртүрлі концентрацияда этил спиртінің судағы ерітінділерін (тапсырма бойынша) дайындау; дайындалған ерітінділердің сыну көрсеткішін өлшеу; калибрлік қисық тұрғызу; өлшенген сыну көрсеткіші бойынша зерттелетін ерітіндінің концентрациясын анықтау.

Пробиркалар мен материалдар: рефрактометр, спирттің стандартты ерітінділері.

Теориялық түсініктеме: Егер жарық сәулесі екі түссіз мөлдір біртекті орталардың (1 және 2) (1-сурет) аралық шекарасын қиып өтетін болса, онда сәуле бағыты сыну заңына сәйкес өзгереді: түсу (φ1) және сыну (φ2) бұрыштарының синустарының қатынасы тұрақты шама:

Sin(φ1)/sin(φ2) = n2-1                                           (1)

 

n2  -1 тұрақтысын екінші ортаның біріншіге қатысты сыну көрсеткіші (немесе коэффициенті) деп атайды.

 

h=n2 \ n1                                                                                               (2)

 

мұндағы n2, n1- осы орталардағы ауаға қатысты сыну көрсеткіштері.

Сыну көрсеткішінің шамасы заттар табиғатына , температураға, жарықтың толқын ұзындығына және ерітінді концентрациясына тәуелді. Сыну көрсеткішінің шамасы ерітіндінің тығыздығының төмендеуіне байланысты кемиді. Әдетте сыну көрсеткішіне 20°С тан 5-6 градусқа жоғары температураларда рефрактометрдің призмалары термостаттамайды. Бұл жағдайда сыну көрсеткішкішінің мәніне мына формула бойынша түзету енгізеді:

ndt=nd-(20-t)0.0002

Сыну көрсеткішін натрий жарығына өлшейді, Д-спектрдің натрий сызығының толқын ұзындығы 589,3 нм тең. Сыну көрсеткішінің таңбасында толқын ұзындығын төменгі индекспен, ал температураны жоғарғы индекспен (nD20)көрсетеді.

 Сыну көрсеткішінің концентрацияға тәуелділігі келесі дәрежелік қатармен өрнектеледі: 

 n=n0+aw+bw2+……

Мұндағы n-ерітіндінің сыну көрсеткіші;n0-еріткіштің сыну көрсеткіші; W-концентрация, массалық үлес,%; а,в-эмперикалық коэффиенттер.

Сыну көрсеткіштері сұйық-шыны шекарасындағы толық ішкі шағылу бұрышын өлшеуге негізделген әртүрлі типті рефрактометрлерде анықталады. Жарықтың сыну заңына сәйкес sin(φ1)\sin(φ2)=const,яғни түсу бұрышы(φ1) өскен сыну бұрышы(φ2) да өседі.

Сыну бұрышының максимал шамасы, сәуле орта аралық шекара бойымен өткенде, 900 С-тық сыну бұрышына сәйкес шекті түсу бұрышын толық ішкі шағылу бұрышы деп атайды және φ  деп белгілейді. Түсу бұрыштары үлкен болғанда сәуле сынбайды, беткі қабаттан толық шағылады. Шекті бұрыш тек берілген орталардың    сыну көрсеткішіне ғана тәуелді. Яғни, егер бір ортаның сыну                             көрсеткішін анықтауға болады: sinφ1\sin 90°C=n2\n1; n2= n1 sinφ1 (3)

Рефрактометрдің жұмыс істеу принципі теңдікке негізделген.

Жұмыстың орындалуы: Сыну көрсеткіші – спирт

концентрациясы  [n=f(c)] кординаталарында  калибрлік қисық тұрғызылады. Ол үшін әрқайсысы 5 мл-ден 5%-тан 25%-ке дейін (көлемдік үлес) концентрациядағы 5-6 стандартты  ерітінділер дайындайды. Су мен спирттің есептелген көлемі жартылай микробюреткамен шлифтелген тығынмен жабылатын пробиркаларға құяды. Дайындалған ерітінділерді жақсылап араластырып, әрқайсысының сыну көрсеткішін кемінде үш рет анықтайды.

Зерттелуші ерітіндінің сыну  көрсеткіші өлшенеді.

 

Эксперимент нәтижесі.

Эксперимент барысында  берілген және анықталған  шамаларды кестеге жазады.

 

Кесте

№

Көлемдері, мл

Ерітіндідегі спирт мөл-шері, көлем, үлес%

 

Сыну көрсеткіші

 

спирт

су

 

1

2

3

Орташа

 

 

Лабораториялық жұмыс №8

 

Мыстың ерітіндідегі концентрациясын фотоколориметриялық әдіспен анықтау

 

Талдаудың оптикалық әдісінің негізінде анықталатын ерітінді қабаты арқылы өтетін жарық интенсивтілігінің /электромагниттік шағылысуының/ өзгеру заңдары жатады.

Жалпы жағдайда жарықтың материалдық жүйе арқылы өтетін жарықтың бөліп берілген жүйемен сіңіріледі, бір бөлігі шашырап кетеді, ал қалған бөлігі материалдық жүйенің өзі арқылы өтеді

Іо = І1 +I2 + Із

мұндағы:    Іо -   берілетін жарықтық-тың интенсивтілігі, I 1      - сіңірілтен жарықтың интенсивтілігі, I2 -шашыраған жарықтың интенсивтілігі,  I 3 - өтіп кеткен  жарықтың интенсивтілігі.

Талданатын заттардың атомдары мен молекулалары жарық энергиясымен сіңірілген талдау әдістеріне негізделген және аналитикалық зертханаларда кеңінен таралған абсорбциялық оптикалық әдістерді үлкен тобын құрайды.

Жарықтың сіңіру кезінде сіңіргіш заттардың атомдары және молекулалары энергетикалық қозу күйіне ауысады. Атомдар мен молекулалардың бастапқы энергиясы бір жағдайда олардың келіп түсу, айналу және тербеліс энергияларының жоғарылауына шығындалады, ал басқа жағдайларда 2 - шілік шағылысу /флуоресценттік/ түрінде бөлінеді немесе фотохимиялық реакцияларға шағындалады.

Сіңіру бөлігінің түрі мен бастапқы қозу энергиясын трансформирлеу әдістеріне байланысты 4 түрге бөлінеді:

1. Атомдық - адсорбциялық талдау жарық энергиялары  талданатын заттардың    бас атомдарымен    сіңіруге    негізделген    атомдық    -

адсорбциялы спектрофотометрлеу.

2. Молекулалық абсорбциялық талдау ультра күлгін көрінетін және спектрдің инфрақызы облыстарындағы талданатын заттардың күрделі иондары мен молекулаларымен сіңіруге негізделген. /УК -спектрфотометрлеу. фотоколориметрлеу, ИҚ-спектрфотометрлеу/:

3.       Талданатын заттардың жарық энергияларының өлшенген бөліктерімен шашырау     және     сіңіру      бойынша     талдау   /турбидиметрлеу,нефелометрлеу;

4.       Алюминесценттік талдау /флуорометрлеу/ әдісі талданатын заттардын қозғыш  молекулаларының  энергияларының  шығыны   нәтижесінде
пайда  болатын  шағылысуды   өлшеуге  негізделген.   Бұл   әдістердін
бірігуі спектроскопиялық талдау әдісінің тобын кұрайды.

 

Молекулалық абсорбциялык, талдау әдісі

Фотоколориметрлік және спектрофотометрлік талдау әдістері біртекті жүйелердің шағылысуымен әсерлесуіне негізделген. Оларды бір топқа біріктіріп фотометрлік талдау әдісі деп атайды.

Фотометрлік талдау әдісінде талданатын заттардың жарық сініретін молекулаларын таңдап алу пайдаланылады. Сіңіру нәтежесінде сіңіргіш заттың шағылысу молекуласы Е1 минималды энергиялы негізгі күшінен Е2 жоғарғы энергетикалық күйіне егеді. Ьұл электрондық ету жолақтар электрон спектріндегі сініргіга молекулалармен сипатгалады. Жылулыққа айналған қозу энергиясы молекулалардың знергетикалық тербеліс деңгейінде бөлек реттеледі.

 ∆Е= hv= Е2-Е1,

Мүндасы    h-Планк тұрақтысы / h=6,625 * 10-34 Дж/с

С     

v -cініргіш шағылысудың жиілігі (v =c\ ), С-1 (Гц)

Сініргіш жолақтардьщ табиғаты ультракүлгін / =100*400нм және көрінетін / , =400-760 км/ спектрдің облыстарында бірдей жөне олар сініргіш молекулалар мен иондардың орналасуы мен санымен байланысқан. Инфрақызыл облыста / 800 -106 км немесе 0,8-100 км. Ол сіңіргіш заттың молекуласындағы тербеліс атомдарымен байланысқан.

Фотометрлік талдауда қолданылған аппаратқа /үдіріске/ байланысты монохроматты жарықты сіңіретін спектрофотометрлік талдау және полихроматты жарықты сіңіретін /абсорбция/ фотоколориметрлік талдау әдістері больга бөлінеді.Бұл екі әдіс негізгі принципке, яғни жарық сіңіргіш /абсорбция/ және сіңірілген заттың контрациясы арасындағы байланыстың пропорционалдык пайда болуына негізделген. абсорбцияға / А/ байланысты және анықталатын ерітіндідегі мыстың концентрациясың график бойынша анықтаймыз.

М       Фотоэлектрлік колориметр ФЭК-

Фотоколориметр ФЭК - М спектрдің көрнектік учаскесінің нұрлы үшін түссіз шыны оптикадан тұрады. Шағылысудың көзі болып вольврамдық шам болып табылады. Ол спектрдің көрінетін бөлігіне шағылысу береді. Электромагниттік шағылысудың детекторының кызметін атқаратын селенді фотоэлсмснттср спектрдің көрінетін бөлігінің шағылыс суына өте сезімтал келеді. Құрамы 400-700 нм интервалында өлшеуге жарамды..Фотоколориметр ФЭК - М-ң оптикалық кестесі.

Жарық көзінен 1 жарыктан нұрлары екі 2,2 айналарымен шағылысады, жарық сұзгіштері 3,3 аркылы өтіп 4,4 кюветтері ерітіндімен бірге 5,5 селенді фотоэлементтерге келіп түседі. Олар дифференциалдық кесте бойынша оң және сол жарық ағындары теңескен кезде гальванометрдің стрелкасы нөлде тұруы кажет. Жарықтың сол бумасында фотоэлементке 5 түсетін бейтарап линъялар 6,7 орналаскан, ал жарықтың оң бумасында фотоэлементке 5 түсетін диафрагма 8 орналасқан. Олар екі барабанмен байланысқан. Барабанның екі шкаласы бар : қызыл-оптикалық тығыздық қарасы өткізу %-і.

ФЭК-М приборында өлшеу мето-дикасы. Фотоколориметрдің ФЭК-М Сыртқы түрі.

Фотоэлектрлі колориметр ФЭК - 56, ФЭК - 56М

Фотоколориметр ФЭК - 56 (ФЭК - 56М) сіңіру спектрлерін 300-700 нм облысында оқыту үшін пайдаланылады. Жарық энергиясьн қабылдағыштар ретінде сүрмеліцезийлі фотоэлементтер қызметін атқарады. Олар ультра-кұлгін шағылысуға /у.к./ және спектрдің көрінетін бөлімдерін өте сезімтал келеді. Құрал 2 шағылысу көзінен тұрады : көрінетін облыста түсіру спектрін кварцты шам ҮК-де сызықтық түсіру спектрін және спектрдің көрінетін облысын береді. Монохроматтар ретінде жарық сүзгіштері қызметін атқарады. Бұл сезгіштердің өткізгіш жіңішке жолағы 30-40 нм.

Жұмыстың орындалу реті. Құралды іске қосу ұшын 220 В-ты кернеулі айнымалы токты тізбекке қосып. келесі операцияларды орындаймыз .  

1.Құралдың электрлік нолін келтіру үшін қажеттілер: а. Жарық ағындарын шторкпен жабындар. Рукаятканы 3 басып «3» ке бурап қоямыз. Б. Рукаяткамен 4 индикаторлық шам секторын немесе миллиамперметрді 10 нөлге келтіреміз. Бұдан соң рукаяткамен 6 шторкты қайта ашамыз.

2. Сол жақтағы кювета ұстағышқа барлық уақытта өлшеп тұру үшін салыстыру ерітіндісі бар кюветті орналастырады. Оң жақтағы кювета ұстағышқа салыстыру ерітіндісі бар кюветті және өлшейтін ерітіндісі бар кюветта орналастырады да қақпағьн жауьш қояды және рукаятканы 2 бұрау арқылы өлшенетін ерітіндісі бар кюветті оң жарық ағынын енгізеді. Оң барабанды 8 оптикалык тығыздықтың шкаласы бойынша «0» - ге келтіреміз.

3.  Рукаяткамен 5 шағылысу ығынына міндетті түрде жарық фильтрін орналастырамыз.

Жұмыстың алдында винттің 8 көмегімен гальванометрдің механикалык нөлін орналастырады, Гальванометрді 9 рукаятканың 8 көмегімен қосады. Рукаяткадағы «0»- гальванометр өшірілген «1» -ссзімталдығы аздығын, ал «2» - сезімталдығы көптігін білдіреді.

Қалаған өлшемнен бастаймыз және рукаятканы 8 «0» -ға қойып жүргіземіз. Сағат бағыты бойынша «0» дан «2» ге келеміз. Жайлап өлшеу көзде гальванометрдің сөзімталдығын көтереміз. Өлшеудің соңында міндетті түрде рукаятканың 8 «0» қайта әкеліп коямыз.

Оптикалық   тығыздықты   оң   барабан   бойынша   өлшеу   келесі жолдармен жүргізіледі.

1. Оң барабан 4 оптикалық тығыздықтың «0» құнын орнықтырады /бұл кезде диафрагманың екі кемиді, яғни минимал мәнді болады. Жарықтың оң және сол бумасына салыстыру ерітінділері арқылы кюветтердің орналастырады. Кюветтердің кювет үстағыштарға 1 орналастырады. Оның әрқайсысы кюветті орналастыру үшін үш ұяшықтан тұрады және осі бойынша айналып тұрады. Қақпақты жауып қою керек.

Рукоятканы бұрау кезінде шағылысу ағындары белгілі жарық сүзгілерін орналастырады.

Сол элементтің жарықтандырғышы 6 - катан және 7- жүзгіш көмегімен өзгеретін бейтарац клинияларда пайдаланып, гальванометрдің стрелкасын нелге келтіріп, фототоктарды компенсациялайды. Фототоктардьщ компенсациясын басында гальванометрдің аз сезімталдылықпен, ал соңынан үлкен сезімталдылықпен жүргізіледі. Рукаятканы «0» ға қойып, гальванометрні өшіреміз. Қақпағын ашып оң кювет үстағыштағы салыстыру ерітіндісінің орнына стандарттың ерітінділермен алмастырады, ал кейін анықталатын ерітіндімен алмастырады. Әр ерітіндіні анықтау кезінде гальванометрді қосады. Оның қақпағы жабық болуы тиіс. Оси көздс гальванометрді стрелкасы ауытқиды, оң барабанның 4 көмегімен оны нөлге қайта әкеліп қояды, шкала 3 бойынша оптикалык тығыздықты есептейміз. Өлшеудің сонында рукаятканы «0» ға қоямыз. Барлық ерітінділердің тығыздықтарының алынған көрсеткіштерін таблицаға енгізіп калибрленген график түрғызамыз,

6.       Сол    жақтағы    компенсациялық    барабанды    7    айналды    аркылы миллиамперметрдің стрелкасы нөлге келтіреді.

7.       Рукаятканы   2   бұрау   арқылы   анықталатын   ерітіндісі   бар   кюветті салыстыру ерітіндісі бар кюветпен алмастыр.

Бұл кезде индикаторлық шамның секторы жабылып қалады.

8.       Оң    жақтағы    барабанды    8    бұрау    арқылы    миллиамперметрдің стрелкасын нөлге келтіреміз.

9.       Шкала 1 бойынша оң барабандагы оптикалық тығыздықтың А көрсеткішін алындар /қызыл шкала/.

Фотоэлектрлік концентрациялық колориметр КФК-2

КФК - 2 диапазоның бөлек участкелеріндегі толқын ұзындығын 315-980 нм өлшеуге енгізілген. Жарык сүзгілерінің көмегімен коэффициенттерді өткізу және ерітінді сұйықтарында оптикалық жәнеде ерітіндідегі заттардың концентрациясын анықтау әдісімен градирленген графиктердегі тұрғызады

КФК - 2 құралының бетінің панелі көрсетілген.

1.      микроамперметр.

2.      жарықты шағылыстыру.

3.      жарық сүзгілерінің ұстағышы.

4.      кюветті ауыстыру ұстағышы.

5.      сезімталдық ұстағышы.

6.          қатаң 100 қондырғысы.

7.          кювет бөлімінің қақпағы.

КФК - 2 құралында өлшеудің әдістемесі

1.   Құралды 220В-тыя тумблермен қосады.

Тумлер құпалдың артқы қабырғасында орналасқан.

2.       Кювет  бөлімін  ашып,  қақпағы  ашық  күйінде  құралды   15   минут бойы қыздырады.

Құралды қыздыру көзінде құрал істеп шығып кетпес үшін, шторкты фотоқабылдағышпен жауап, құралдың қақпағын ашып қояды.

3.       Түрлі - түсті жарық сүзгілерін өлшеу үшін ұстағышты 3 қосады.

4.       Колориметрдің минималды сезімталдығын орнықтырамыз. Бұл үшін ұстағышпен 5 сезімталдықты  1 ге қоямыз, ұстағыш 6 мен қатаң, 100 қондырғысын сол жаққа қояды.

5.       Кюветтерді алып, оларды жуады және сүзгілеп жақсылап кептіреді.

6.       Кюветке анықталатын ерітіндіні құяды және кюветтің таңбасына дейін салыстыру ерітіндісін құяды.

7.       Кюветтердің  кювет бөліміне қояды.

778.Кювет бөлімінің қақпағы жабады.

9.Жарық ағынына қарсы салыстыру ерітіндісін орнықтырады.
10.Құралдың шкаласы бойынша 100 георнықтырамыз.

11.Сезімталдық    ұстағышымен    салыстыру    ерітіндісі    бар    кюветті анықталатын ерітіндімен алмастырамыз.

12.Құралдың шкаласы бойынша есептеуді аламыз.  

 ІЗ.Өлшеу 3-4 рет жүргізіледі және олардың орташа арифметикалық мәні алынады.

14.Приборды өшіреміз.

 

 

Әдебиеттер

 

1. Оспанов К.Х., Қамысбаев Д.Х.  т.б. Физикалық химия. Өскемен, 1997, 575 б.

2. Краснов К.С., Воробьев Н.К., Годнев И.Н. и др. Физическая химия. М.: Высш. шк.,1995, Кн.1, 512 с; Кн.2, 319 с

3. Полторак О.М. Термодинамика в физической химии. М.: Высшая школа, -1991,-319с

4. Еремин Е.Н. Основы химической термодинамики. М.: Высш. шк.,1978, 391 с.

5. Годнев И.Н., Краснов К.С., Воробьев Н.К. Физическая химия. М.:Высшая школа-982,-687с

6. Курс физической химии /Под редакцией Герасимова Я.И./М.:Химия,-1970,-т.1.-502с

7. Каретников Г.С., Козырева Н.А. и др. Практикум по физической химии.М.:Высшая школа,1986,495с

8.Кудряшов И.В. и др. Сборник примеров и задач по физической химии. М.: Высш. шк.,1991, 527 с.

9. Практикум по физической химии /Под редак. С.В.Горбачева. М.: Высш. шк.,1974, 495 с.

10. Практикум по физической химии /Под редак. К.П.Мищенко. Л.: Химия,1982, 400 с.

11. Краткий справочник физико-химических величин /Под ред. А.А. Равделя и А.М.Пономаревой. Л.: Химия. 1983. 232 с.

12. Асманова Н.А., Утегулов Р.Н., Петрова Е.А. Физическая химия.ч.1.Тесты и программы курса.Алматы: Казак университеті, 2002

13.Даниэльс Ф., Олберти Р. Физическая химия. М.Мир.-1978, 645 с.

14. Воронин Г.Ф. Основы термодинамики.М: МГУ,-1987,-224с

15. Карапетьянц М.Х. Химическая термодинамика. М.:Высшая школа, -1981, -456с

16. Скорчеллетти В.В. Химическая термодинамика Л.: Химия, 1974, 567 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Еңбекті қоршаған ортаны және техника қауіпсіздігін сақтау

Лабораториялық жұмыспен танысқан кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, нормаларды сәйкесінше орындау керек. Өнеркәсіптік, техникалық, лабораториялық құрылғылардың жұмыс принциптерімен,  ток көзімен  толық танысып, жұмыс режимін дұрыс жолға қойылуы тиіс.

         Лабораторияда студенттер арнайы киіммен (халатпен) жұмыс жасауы керек.

 

4. ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ДҰРЫС ЖАЗУ 

 

ГОСТ2.105, ГОСТ 8.417, ФС ОҚМУ  4.6-001-2006 ережесі бойынша А 4 формат парағына лабораториялық жұмыс есебі жазылады. Парақтың мұқабасына студент аты жөнін, кафедрасын тобын көрсетеді.   Содан соң лабораториялық жұмысқа кіріспе, зертттеу бөлімі, қорытындысы жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылымға қол қойылды 00.00.200.

Қағаз формат ХхY 1/16

Типографиялық қағаз. Басылым офсетті. Көлемі 2,2 б.п.

Тираж ___ экз. Тапсырыс № ___*